
«Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбекжолы» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.
Конкурс аясында Қазақстанның үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.
Бұл конкурс өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
Конкурс екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады.
Қатысушылар үш аталым бойынша анықталады:
«Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет таңдалады;
«Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкері қатыса алады.
Жеңімпаздарды арнайы республикалық комиссия анықтайды. Оларды марапаттау жыл сайынғы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумы аясында өтеді.
ЕХӘҚМ байқауға еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ бастамашыл жас қызметкерлерді және олардың тәлімгерлерін белсенд іқатысуға шақырады.
Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласуды сұраймыз:
Қонаев қаласы, «Бәйтерек» 41 ғимараты, 20 кабинет, байланыс телефондары: 8 (72772) 2674, 87017937697. Электрондық мекен-жайы: Ksobes@mail.ru