
Қонаев қаласында «ҚАЖК апталығы» аясында өңірдегі колонияларда өндірілген өнімдердің көрмесі өтті. Бұл жерде ұсынылған өнімдердің сапасы мен эксклюзивтілігі айтарлықтай жоғары деңгейде болғанын атап өткен жөн.
Көрме апталығының соңында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының басқару директоры Е.Н.Дүйсекеновтің және салалық даму жөніндегі сарапшы Е.В.Константинованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті бас маманы әділет подполковнигі С.С. Ереулиева колониялар аумағында тұрақты штат, жұмысшылардың тікелей мүддесі (сотталғандар арасынан) ескерілген кәсіпкерлік қызметті ашудың артықшылықтарын айта келіп, сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындарын субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын да атап өтті. Оның айтуынша, мекеме аумағында өндірістік базалар мен цехтар салуға орын жеткілікті, бірақ кәсіпкерлерді тарту үшін Кәсіпкерлер палатасының қатысқаны аса қажет болып тұр. Сотталғандарды жұмысқа тарту олардың әрі қарай әлеуметтік жағдайына нақты артықшылық береді: жұмысқа орналасу, оның ішінде жаңа мамандық бойынша білім алу, капиталды қалыптастыру.
Шара соңында Е.Дүйсекенов алдағы уақытта осындай кездесулердің колония аумағында өтетіндігін, келешекте атқарылатын істерді, жұмыс талаптарын сол жерде талқылайтын жоспарымен бөлісті.