
«Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Қапшағай қаласының жергілікті полиция қызметкерлерінің өкілдерімен қаладағы ретсіз сауданы жою мақсатында, ағымдағы жылдың 03 наурызында сағат 15:00де рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган белгілеген жерлерден тыс жерлерде сауда заңының талаптары туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша кәсіпкерлерге ескерту хаттамасы және айыппұл салынды.Жыл басынан бері 204-бабы бойынша жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қатысты 35 хаттама толтырылды..Қала әкімдігі осы бағытта жұмыстарды жалғастырады. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі».