
«Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-сі хабарлайды:
Қонаев өңірі бойынша 2023 жылы көктемгі егіс-дала жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында ауылшаруашылық тауарөндірушілерге дизель отынын жеткізушісі және операторы болып «PETROFON» ЖШС белгіленді.
Осыған орай, «Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-мен 2023 жылдың наурыз - мамыр айларының аралығында өңірдің тауарөндірушілерінен көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынын алу үшін өтінімдері қабылдануда.
Дизель отынының арзандатылған бағасы 1 литрі 202 теңгені құрайды.
«PETROFON» ЖШС-нің орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Покровка ауылы, Степная көшесі, 16.
Байланыс телефоны: 87715062861 (аймақтық менеджері Дана).
Хабарлама бойынша қажетті ақпараттарды «Қонаев қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-нен алуға болады, орналасқан мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, «Байтерек» БО, 41а/1 ғимарат, (ХҚКО жанында, 1-ші қабат, 4 кабинет)
Байланыс телефоны: 8 (72772) 23540