
«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу
«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті атқарушы органмен бірлесіп көктемгі-су тасқыны кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру, авариялық-қалпына келтіру және шұғыл жұмыстардың практикалық іс-қимылдарын жүргізу үшін қалалық жағажайдың автотұрағында АҚ қалалық қызметтерін сапқа тұрғызылды.
Оқу-жаттығу барысында екі оқу орындарында каналдар мен арық желісін механикалық тазарту элементтері пысықталды: тұрғын үйлердің аумағында шаруашылық ғимараттар мен жертөле үй-жайларына еріген су басылды:
- Қонаев қаласы, Восточный шағын ауданы, Қыз Жібек көшесі.
- Қонаев қаласы 4 саяжай Зеленая көшесі.
Оқу-жаттығулар көктемгі-су тасқыны кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында жүргізіледі. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық және қалалық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.