
Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ұсыныстарына ескере отырып қабылданған шешім туралы.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау ата-аналарға балаларына қажетті тауарларды өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.
2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына АӘК-қа қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылған.
Бұл ретте кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттай түрден ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар жиі келіп түскен.
Осыған орай 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды.
Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
2023 жылдың қаңтар айына жалпы саны 92 отбасы ( бір жастан алты жасқа дейінгі 174 бала), соның ішінде Қонаев қаласы бойынша 61 отбасы (бір жастан алты жасқа дейінгі 109 бала), ауылдық округтер бойынша 31 отбасы (бір жастан алты жасқа дейінгі 65 бала) атаулы әлеуметтік көмек және бір жастан алты жасқа дейінгі әр балаға 5175,0 тенге 00 тиын қосымша ақшалай көмек тағайындалған.
Атаулы әлеуметтік көмек және қосымша ақшалай көмек туралы толық ақпаратты «Қонаев қаласы әкімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің кеңесші мамандарынан алуға болады.
Мекен-жайы Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 41 ғимарат, 6 кабинет.
Байланыс телефоны:87277270481