
28 қаңтар сенбі күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов инвестициялық штабтың отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша біз 8,0% өсімге қол жеткіздік. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай негізгі капиталға тартылатын инвестицияның жалпы ішкі өнім көлемін 25,0% ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл қарқын жыл сайын 10,0% - дан жоғары болуы керек дегенді білдіреді», - деді А.Смайылов.
Қонаев қаласына келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 59001,9 млн.теңге сомасында немесе 2021 жылдың деңгейіне 120,7% инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 142,5% құрады. Бюджеттен тыс тартылған инвестициялардың үлесі жалпы көлемде 56,0% немесе 33,0 млрд. теңгені құрады. 2023 жылға жоспар 65000,0 млн. теңгеге дейін жеткізу көзделуде.
Инвесторлар үшін дәстүрлі түрде құрылыс саласы қызығушылық тудырады. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысынан бөлек өнеркәсіптік кәсіпорындар, өндірісті дамыту және бизнесін кеңейту жобалары да бар.
2023-2025 жылдары «Арна» индустриялық аймағында бірқатар ауқымды жобаларды іске асыру жоспарлануда:
- қуаты ауысымына 300 мың шаршы метр керамикалық плиткаларын шығаратын зауыт салу. Жобаның құны - 6,2 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдар. Осы жобаны іске асыру кезінде 177 тұрақты жұмыс орны құрылады;
- қуаттылығы жылына 50 млн.дана болатын кірпіш зауытын салу. Жобаның құны - 25,0 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жылдар. Осы жобаны іске асыру 150 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;
- қуаттылығы жылына 700 мың тонна «BAGUS STEEL» ЖШС металл құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын (арматура, бұрыштар, швеллер, катанка) өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Жобаның құны-38,0 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдар. Жобаны іске асыру 300 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;
2024 жылы «AIBI-I» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын бастау жоспарланған. Жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданды. Жобаның құны 6,5 млрд. теңге. Жоба аясында 100 жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ «Арна» индустриялық аймағында «Yukos Group» ЖШС қуаттылығы жылына 4,0 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай кешенін салу жобасын дайындады. Жобаның құны 6,5 млрд. теңге. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024 жыл. Осы жобаны іске асыру кезінде 100 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады;
Қуаттылығы жылына 70 мың тонна дайын өнім шығаратын зауытты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның бастамашысы «IVI Kazakhstan» ЖШС болып табылады. Жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданды. Берілген жер учаскесінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны - 8,0 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар. Жобаны іске асыру 300 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Осылайша, қала портфеліне 90,0 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады, сондай-ақ 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады.