Бос орындар жәрмеңкесінің әрбір бесінші келушісі жұмысқа орналастырылды

Бос орындар жәрмеңкесінің әрбір бесінші келушісі жұмысқа орналастырылды

Өткен жылдың осындай мәліметтерін Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы келтірді.

2022 жылда әлеуметтік жағынан осал топтағы және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған 7 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 150-ден астам әр саладан жұмыс берушілер қатысты. Олар 1700-ден астам бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 1004- тен астам адам қатысып, 196 адам жұмысқа орналасты, 70 адам қоғамдық жұмысқа,кәсіптік оқуға-9 адам, жастар тәжіриебесіне -8 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -5 адам жіберілді.