«Ақдидар» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйым тобындағы күн ішінде екі тәрбиеші» пилоттық жобасын жүзеге асырудағы кейбір мәселелер» тақырыбында облыстық іс – тәжірибе алмасу өтті.

«Ақдидар» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйым тобындағы күн ішінде екі тәрбиеші» пилоттық жобасын жүзеге асырудағы кейбір мәселелер» тақырыбында облыстық іс – тәжірибе алмасу өтті.

Пилоттық жобаны іске асыру 2022 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айлары аралығында екі топта өтті. Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тумаева Раушан: Күн бойы екі педагогтың бір мезгілде жұмыс істеуі айтарлықтай жақсы нәтиже беріп және оқу процесіне тиімдірек әсер етеді деп есептейді.
Топтар балалардың қызығушылықтарына қарай заттық дамытушы аймақтарға бөлінген: сурет салу, кітапхана бұрышы, табиғат бұрышы, дизайн, қуыршақ театры т.б. Ұйымдастырылған іс – әрекет барысында балаларға түрлі ұсақ моториканы дамытуға арналған дамытушы ойындар бар. Балалардың бұл процеске деген құштарлығы соншалық, ойнай отырып тақырыпқа байланысты түрлі дамытушы тапсырмаларды орандағандарын аңғармай қалды.
Әрине, Министрліктің мектепке дейінгі білім беру мен қолданыстағы бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптары сақталады. Семинарға қатысушылар әртүрлі топтардағы ұйымдастырылған іс – әрекеттерге қатысты. Топтардың бірінде «Ғарыш пен планеталарымен», екіншісі «Динозаврлармен», ал үшіншісі шығармашылықпен айналысты. Сондай-ақ, балабақшада түрлі дамытушы орталықтары ұйымдастырылған: робототехника, асық және шахмат орталығы, құм терапиясы, ұлттық құндылықтар орталықтары, сондай-ақ логопед және психологтың жеке кабинеттері бар.
«Ақдидар» балабақшасының меңгерушісі: Сасенова Наркес Армияновна: «Біз өз жұмысымызбен бөлісуге қуаныштымыз және әріптестерімізді тәжірибе алмасуға шақырамыз. Біз өз жұмысымызды жақсы көреміз және оны жақсартуға, жетілдіруге әрқашан ұмтыламыз. Бүгін жұмыс істеп тұрған орталықтарға келешекте тағы да «Тұз шахтасын» жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Балалар таңертең балабақшаға қуана келеді, ата-аналарда өз ризашылықтарын айтуда. Бұл біздің жұмысымызға үлкен серпін береді».