Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарға қандай қызмет көрсетеді

Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарға қандай қызмет көрсетеді

Қонаев қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлғаларға да, жұмыс берушілерге де қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.
Азаматтарға арналған қызметтер:
- жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- жұмыс іздеушілер үшін қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
- еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіптік қысқа мерзімді оқыту;
- бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар;
- әлеуметтік жұмыс орындары; қоғамдық жұмыстар;
- жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жобалар – «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты»;
- Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу.
Толық ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
📍 Қонаев қ., 1 ықшамаудан, ғимарат, 6-7 кабинеттер
📞 +7-72- 772- 40781