
«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 25 қарашасында Қонаев қаласында 1 шағынаудан 41 ғимаратта әлеуметтік жағынан осал топтағы және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар,мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 20 дан астам әр саладан жұмыс берушілер қатысты. Олар 300-ден бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.