Кітапханадағы күзгі түн

Кітапханадағы күзгі түн

Қонаев қалалық кітапханасында дәстүрлі “Кітапханадағы күзгі түн” атты кітапхана түні өтті. Биылғы формат ерекше-күз бейнесінде, мақсаты – әр саладан келіп отырған жұлдызды қонақтарды оқырмандармен таныстыру. Қонақтардың қатарында әр саланың мамандары бой көрсетті: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, композитор, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкері Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмар; «Қонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бибігүл Кенжеханқызы Шәйкенова; Қаламыздың құрметті қаламгерлері; «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі, жетекшісі Жанат Медетқызы Қалжанова; «Бүгінгі күннің батыры», Төтенше Жағдайлар Департаментінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан; «Асыл» өнер мектебі, меңгерушісі Жанар Әділжанқызы Әділжанова; «Жылдың үздік мұғалімі-2022»  Орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Альбина Бағланқызы Оразбаева және «2022 жыл – балалар жылы» қорытындысының марапатталушылары. Кештің шымылдығын Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмар ашса, қонақтарға да сөз кезегі беріліп, олар оқырмандарға өз жылы лебіздерін білдірді.

Кеш ары қарай әсем әнмен , тәтті күймен және мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Садыкова Зура, Алдабергенова Жазираның орындауында “Анашым” , Берік Айымның орындауында “Домбыра туралы баллада” әндері орындалса, “Талисман”ансамблінің орындауында “Кербез” биі және “Асыл” өнер мектебінен келген күйші қыздар “Адай” күйін нақышына келтіре орындады.

Кештің сәні болған, қазіргі таңда “трендке” айналған “түрлі-түсті кешті” кітапхана ұжымы “түрлі-түсті кітаптар дефилесі” ретінде алып шықты. Кеш Қонаев қалалық кітапханасының директоры Назым Халелқызы Кенжебекованың “2022 жыл-балалар жылының” қорытынды марапаттау рәсімімен аяқталды.