
2022 жылғы 24 қарашада "Қыс-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу - жаттығу шеңберінде Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті атқарушы органмен бірлесіп қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру, авариялық-қалпына келтіру және шұғыл жұмыстардың практикалық іс-қимылдарын жүргізу үшін қалалық жағажайдың автотұрағында АҚ қалалық қызметтерін сапқа тұрғызылды.
Оқу-жаттығу барысында екі оқу орнында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының элементтері пысықталды, Қонаев көшесі, Сейфуллин көшесінің қиылысындағы газ құдығындағы авариялық кранды ауыстыру және Қонаев қаласының 18 шағын ауданындағы электр желісінің үзілісін қалпына келтіру.
Оқу-жаттығулар қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында жүргізіледі. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық және қалалық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Атап өту керек, барлық тартылатын құрылымдар, сондай-ақ Қонаев қаласының азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.