
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылғы 15 қарашада сағат 11.00-де Шеңгелді ауылының тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз.
Кездесу Шеңгелді ауылының Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің мәжіліс залында өтеді.
Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, №2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты