Арайлы күз, алтын күз

Арайлы күз, алтын күз

2022  жылдың 07 қазанында  "Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік  мекемесінің  мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде    бір сәтке болсада балақайлардың көңіліне қуаныш сезімін ұялату мақсатында "Арайлы күз, алтын күз" тақырыбында іс-шара өткізілді.  Залдың іші тақырыпқа сай безендіріліп, жеміс-жидектерден көрме  ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әлеуметтік қызметкерлермен,  қызмет алушылар өз өнерлерін ортаға салса, аниматорлар көңілді ойындар ұйымдастырып, балаларды ортаға шақырып, билетті. Қызмет алушылар демеушілердің дәмді дастарханынан дәм татты. Мерекелік іс-шара көңілді әрі  жоғары деңгейде өтті.