
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаевтың, шілде айында жоспарланған кездесуі, ағымдағы жылдың 25 тамызында сағат 11.00-ге өтетіндігін хабарлаймыз.
Кездесу Заречное ауылының №12 орта мектебінің мәжіліс залында өтеді.
Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, №2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты