Құрметті Кербұлақ ауылының тұрғындары!

Құрметті Кербұлақ ауылының тұрғындары!

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 18 тамызында сағат 11.00-де Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды № 7 орта мектептің ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.

Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша  қабылдайды.

Қонаев қаласы әкімінің аппараты