Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Жасыл желектердің декоративтік түрін жақсарту және олардың зиянкестер мен ауруларға төзімділігін арттыру мақсатында қала бойынша зиянкестер мен ауруларға қарсы 3 тамыз күні түнгі сағат 23:00-ден таңғы 5:00-ге дейін өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Өңдеу жұмыстары қала ішінде жүргізілетіндіктен, өңдеу кезінде ҚР-да рұқсат етілген қауіптілігі төмен сыныпты препараттар пайдаланылады. Бұл препараттар қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, оның ішінде үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді. Дегенмен, олардың ерекше иісі бар. Осыған байланысты, өңдеу жұмыстары кезінде барлық терезелер мен есіктерді жабуыңызды сұраймыз.