
«Балалар жылына» орай Қонаев қаласына қарасты, Заречный ауылдық округінің Заречный ауылының ықшам ауданына ауылдағы кәсіпкер қолдауымен кішкентай бөбектер мен жеткіншектерге арналған ойын алаңы орнатылып, берекелі жылда балаларға тарту жасалуда. Бұл келешек ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалану мен жастардың салауатты өмір салтын құруына мүмкіндік беріп, оның дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз. Бүгінде ауылда бұдан басқа бірнеше орнында осындай балалар ойын алаңдары салынып, халық игілігіне берілді.