Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлымен Орта мектеп гимназиясында 3,4,5,8,10, Восточный, Гүлдер, 12, 12а, 12б, Арна, Қарлығаш, Әсем-Тас тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлымен Орта мектеп гимназиясында 3,4,5,8,10, Восточный, Гүлдер, 12, 12а, 12б, Арна, Қарлығаш, Әсем-Тас тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Көпшілікпен еркін форматта өткен жүздесуде қордаланған мәселелерде көп болды. Аталған аумақтар мен ықшам аудандарда жарықтың жиі өшетіні, күшейту мақсатында қойылған трансформатор қоршалуы, көше жолдарының жөнделуі, аялдамалардың орнатылуы, жасыл желектің жоқтығы, олардың сапалы суғарылуы, бар ағашты кесуді тоқтату және оларды қазып алынып тасталынбауы, тұрғын үй аулаларын жөндеуден өткізу, Восточный шағын ауданында кәріз жүйесінің жөнделуі, аракідік жүйе істен шығып кәріз суы сыртқа ағатыны тағы бар.

Сонымен бірге 4 шағын ауданының 53,54,57 алдына қазір абаттандыру жұмысы жүруде. Сол жерлердегі көшенің кеңейтілуі, осы орындағы футбол алаңында жастардың түннің ортасына дейін шулауы, алаңғы кіріп-шығу есігі орнатылса, одан демалыс орындарының аумағынан кіріп суға шомылу бүгінде мүмкіндік болмай жатқандығы, тіпті қалалық жағажайдың өзіне кіру қиындап тұрғаны, бәрі ақылы деген уәждерде болды.

Қаладағы 4 ықшам ауданы 21-24,25 маңайында қоқыстың төгілетіні, ондағы сауда орындары да қоса төгетіні бар, соның салдарынан иісте шығатыны, осы орындарды қала учаскелік полициясы жұмыс жасаса, сол секілді 3 ықшам ауданы тұғын үйінен су ағатыны, қаладағы аялдамалар шағылған әйнекпен тұрғаны, қысқа қарай көмір алуда қиындайды, өңірде тежегіш кедергі(лежаший полицейские) көп, ауыз судың дұрыс берілмейтіні, қоғамдық көліктердің бағыттары жоқ жерлерге ашылса, қалада қан өткізу орталығы болса, аймақта ит мәселесі де бар, қалада жаңбырлы күні көшені су басатыны, қаларалық автовокзал керек, интернет күшінің жетпейтіндігі турасын және басқада мәселелер ортаға салынып айтылды.

Жоғарыда тілге тиек етілген проблемалар бойынша бірқатар жобалар мен жұмыстар қолға алынған.

Келешекте әр мәселеге байланысты қала басшысы сала жетекшілері мен мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, оның атқарылу уақыттары да белгіленді. Соған қарай хаттама жасалып, оның негізінде шешімін таппаған мәселелердің атқарылуы сұралмақ. Бұл проблемалардың бір жақты болуы қала басшысының қадағалауында болмақ.