
Тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау және оны шешу мақсатында, округ әкімі Арна ауылының халқымен жүздесті. Тұрғындармен кездесуге сондай-ақ, Қапшағай каласы әкімінің орынбасары және ауылдың коммуналдық мекемелері қатысып, біраз мәселелерді қарады.
Тұрғындар тарапынан жаңа құрылыстағы үйлерге коммуникация мәселелері яғни, газ жүйісіне қосылу, ауыз судың сапасы мен құбырларының қысымының жеткіліксіздігі және тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жағы қозғалды.
Арна ауылын газдандыру қарқынын жақсарту мақсатында, көгілдір отынға қосылатын үйлер санын арттыру қажет және ауылды газдандыру жоспарына сәйкес екі жыл көлемінде атқарылмақ екенін айтты.
Жарықтандыру бойынша айта кететін жайттың бірі-жүргізілген электр жарық жүйелері иесіз теңгерімінде тұр. Сондықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін АҚ “Алатау Жарық компаниясының” теңгеріміне өткізу қажет. Қазіргі кезде сол жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ, бюджеттік өтінім беріліп, осы жылдың ІІ-жарты жылдығына қаржыландыруды күтуде.
Өз сөзінде әкім тұрғындардың сауалдарына кезең-кезеңімен жауап беріп, тиісті мекемелерге тапсырма берді.
Қазіргі кезде ауылымызда жүргізіліп жатқан үлкен жобалардың бірі, әсіресе,тұрғындардың көптен күткен мәселесі-жол жөндеу (асфальттау) жұмыстары. Осы бастаманы қолға алғаны үшін тұрғындар өз сөздерінде ризашылықтарын білдіруде.