
20 маусым күні Шеңгелді ауылының әкім аппаратының мәжіліс залында Шеңгелді ауылының ақсақалдар алқасының мүшелерімен жиналыс өтті. Күн тәртібінде ауылдық округте атқарылып жатқан іс-шараларға бюджеттік қаражат есебінен орындалатын бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, ауылдың әр көше тұрғындарымен жиын өткізу, т.с.с. сұрақтар көтерілді.