Заречный ауылының Школьная және Құрманғазы көшесінің тұрғындарымен кездесу

Заречный ауылының Школьная және Құрманғазы көшесінің тұрғындарымен кездесу

Заречный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д.Досалинов Заречный ауылының Школьная және Құрманғазы көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Сол кездесуде, тұрғындарды мазалап жүрген өзекті проблемалардың мән-жайын тыңдап қайтты. Мәселен, қазіргі кезде аталған көшеде саны 15-ке жуық тұрғылықты жеке үйлер бар. Сол көшелерге инженерлік-коммуникация жүргізу мәселесін сөз етті. Яғни, ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз құбырларын жүргізіп, орталықтандыруды, сонымен қатар көгілдір отынға қосылу, және т. б. мәселелерді көтерді.

Сөз кезегінде Д.Досалинов жергілікті тұрғындардың айтылған өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. 

Сондай-ақ, аталған мәселелер бойынша тиісті мекемелермен орындалып, жүзеге асырылатынын жеткізді.