Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

Ағаштардың сәндік түрін жақсарту және олардың зиянкестер мен аурулардың әртүрлі түрлеріне төзімділігін арттыру үшін қала бойынша зиянкестер мен ауруларға қарсы қорғау іс-шаралары жүргізіледі. Қоғамдық пайдалану орындарындағы жасыл желектерді өңдеу 18-22 мамыр аралығында түнгі уақытта 23:00 сағаттан 5:00 сағатқа дейін жүргізіледі. Бұл уақыт өңдеу үшін қолайлы кезең, өйткені күн сәулесі болмаған кезде зиянкестерге әсер ету тиімділігі артады.

Жоғарыда көрсетілген өңдеу қала ішінде жүргізілетіндіктен, өңдеу кезінде ҚР-да рұқсат етілген қауіптілігі төмен сыныпты препараттар пайдаланылады. Бұл препараттар қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, оның ішінде Үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді. Дегенмен, олардың ерекше иісі бар. Осыған байланысты, өңдеу жұмыстары кезінде барлық терезелер мен есіктерді жабуларыңызды сұраймыз!