Хабарландыру Құрметті Қонаев қаласының - 18, 19, 20, Спутник, Рауан шағынаудандарының және Сейфуллин, Железнодорожная көшелерінің тұрғындары!

Хабарландыру Құрметті  Қонаев қаласының - 18, 19, 20, Спутник, Рауан шағынаудандарының  және Сейфуллин, Железнодорожная көшелерінің тұрғындары!

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаевтың, 2022 жылдың 19 мамырына жоспарланған кездесуі, ағымдағы жылдың 24 мамырына сағат 15.00-ге ауыстырылғандығын хабарлаймыз.

Кездесу 19 шағынауданындағы Октябрьская №24 көшесінде орналасқан  №1 Ы. Алтынсарин атындағы  орта мектебінің мәжіліс залында өтеді.

Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді, және ұсыныстарыңызды осы мектептің және қалалық сервистік әкімдігінің, қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің ғимараттарында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kapshagay/virtual-reception/question?lang=ru) жіберулеріңізге болады.

Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша  қабылдайды.

 Қонаев қаласы әкімінің аппараты