2019 жылғы 29 қазанда Қапшағай қалалық мәдениет үйінде, Қапшағай қалалық мәдениет үйі және жастар ресурстық орталығының ұжымдары бірігіп «Алтын күз аруы 2019» қалалық байқауын өткізді. Байқаудың басты мақсаты –арулардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, талантты жастарға қолдау көрсету болып табылады. Байқауға 10 үміткер қатысып, байқаудың шарттарына сай өз өнерлерін ортаға салды. Өз өнерлерін көрсеткен бойжеткендер ән салып, би билеп, сахналық қойылым көрестіп көпшілікті тәнті етті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Толеуова Амина, 1 орынды Қапшағай қаласының көпсалалық колледжінің 1 курс студенті Полищук Алина, 2 орындарды №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Арғанат Айдана, Ш. Уалиханов атындағы №2 гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы Болысбекова Альбина, 3 орындарды Арна ауылдық №11 орта мектеп оқушысы Кашкимбаева Зейнеп, №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Султан Ажар және көрермен көзайымы номинациясы бойынша орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Балғабекова Адия, ынталандыру номинациялары бойынша Д.А. Қонаев атындағы №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кокебаева Дильнура, Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нүрпейсова Элиза, Кербұлақ ауылдық №7 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жаңақуат Арайлым иеленді. Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткер аруларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Қапшағай қаласы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы