
Былтыр, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Ал 14 қарашада Елбасы Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
4 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Шуақты қалам -Қапшағай" тақырыбында жайдарман ойындары өтті. Жайдарман ойындарына мектеп,колледж командалары қатысты. Ұйымдастырушылары қалалық жастар ресурстық орталығы, қалалық мәдениет үйі ұжымы. Жайдарман ойындарының жеңімпаздары: 1 орын 2 орта мектебі командасы, 2 орын Жас алаш құрама командасы, 3 орын Орта мектеп гимназиясының құрама командасы.
Қапшағай қаласы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы