Болашақты жасайықшы жүрші бірге

Болашақты жасайықшы жүрші бірге

2019 жылғы 24 қазан күні Қапшағай қалалық мәдениет үйінде жас ақын Мәулен Әнербайдың "Болашақты жасайықшы жүрші бірге" атты шығармашылық кешін және "Күн қызы" атты кітабының тұсаукесерін Қапшағай қалалық мәдениет үйі және Қапшағай қалалық кітапхана ұжымы бірігіп өткізді. Аталған шараға қала тұрғындары, колледж студенттері, мектеп оқушылары, әскери сарбаздар қатысты. «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нүрпейісов Ержан Ешмуханбетұлы, қала ақыны ҚР жазушылар одағының мүшесі, Қапшағай қаласының құрметті азаматы Жақиянова Алтыншаш Жұманқызы және қала ақыны, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы "100 жаңа есімі" жобасына енгізілген, ҚР жазушылар одағының мүшесі Мақпал Мыса, жергілікті «Нұрлы Өлке» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Сиқымбек Алтынбай Шәкенұлы құттықтау сөздерін жеткізді. Кеш барысында Маулен Әнербайдың әріптестері, "Мизам" әдеби-клубының қыз- жігіттері композициялық көрінісін , қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары театрландырылған көрінісін көрсетіп, қалалық мектеп оқушылары ақынның туындыларын оқыды. Кешті "Жетісу" газетінің бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы жүргізді.

 

                                              Қапшағай қаласы Мәдениет

                                            үйінің көркемдік жетекшісі

                                                    Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы