
Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы.
Ақыл-ой ақындықтың киесі - Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі - Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, демекші 2019 жылы 22 қазанда Қапшағай қалалық кітапханада Қапшағай қаласының мәдениет үйі, Қапшағай қаласының қалалық кітапхансы, Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығымен бірігіп Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай дана, Абай дара қазақта» атты Абайдың шығармалары мен ақынға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқудан мектеп оқушылары, колледж студентері арасында байқау өткізілді. Аталған байқауда Қапшағай қаласының «Д. А. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 6 «А» сынып оқушысы Абамова Амина бас жүлдені иеленсе, 1 орынды Шеңгелді ауылындағы №6 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Төлеген Айзат, 2 орындарды «Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің оқушысы Сейлова Асем, «Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия» мемлекеттік коммуналдық мекемсінің оқушысы Сыдықжан Аруа, 3 орындарды Орта мектеп гимназиясының оқушысы Сердалы Элнур, «Арна ауылындағы №11 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің оқушысы Ынталы Жанель, Кербұлақ ауылдық №7 орта мектеп оқушысы Айтуған Айсұлу, Шеңгелді ауылдық №6 орта мектебінің оқушысы Жұмаш Арайлым иеленсе, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Қапшағай қаласы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы