
2019 жылы 6 желтоқсан күні қалалық мәдениет үйінің көрермендер залында, Тәуелсіздік күні мейрамының қарсаңында өткізіліп отырған қаламыздың этно-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен "Болашағымыз -бірлікте!" атты фестивалі өтті. Мақсаты: түрлі этностар арасында қарым-қатынастарды өзара нығайту, жастарды өзге ұлттармен достыққа шақыру, патриоттық тәрбие беру болып табылады. Ұйымдастырушылар: қалалық ішкі саясат бөлімі, этно-мәдени бірлестіктер, қалалық мәдениет үйі, Арна ауылдық клубы. Қамтылған адам саны200 адам.
Қапшағай қаласы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы