
2019 жылы 29 қараша күні Қапшағай қалалық мәдениет үйінде Тұңғыш Президен күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік шара өткізілді. Аталған шараға мәслихат аппараты, ардагерлер ұйымы, барлық мекемелер, ұйым басшылары, басқа да қонақтар қатысты. Мемлекеттік әнұран орындалып, кешті жүргізушілер Елбасымыздың белгілеген саяси бағыттарына кең көлемді шолу жасаған соң қала әкімі Қайнарбеков Талғат Қанатұлы құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң үздіктерді марапаттау рәсімі болды. Марапттау барысында көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» табысталып, Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы Қайрат Нұраханұлы Ахметтаев сахна төріне шақырылып, мелекеттік қызметінің ардагері Қалқабай Ахтанберді Нарматұлына «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» төс белгісін, лентасын куәлігін табыстап, қалған мараптталушылар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Марапттау рәсімінен кейін, мерекелік концерт басталды. Концерт барысында қала өнерпаздары Елбасы мен елдік туралы әндер шырқалып, би билеп, күй ойналып көптің көңілін көтерді.
Қапшағай қаласы Мәдениет
үйінің көркемдік жетекшісі
Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы