
Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні әкім аппаратының ғимаратында округ әкімінің төрағалығымен Шеңгелді ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні меркелерін Шеңгелді ауылында атап, өткізу туралы, округтің санитарлық тазалығы, қайырымдылық акциялар және тағыда басқа сұрақтары көтерілді.