Қадірлі ағайын! Құрметті қапшағайлықтар!

Қадірлі ағайын!  Құрметті қапшағайлықтар!

Наурыз - табиғат ананың оянып, айналаның жасарып, жаңыратын уағына тұспа-тұс келетін берекелі мейрам. Тамыры тереңге жайылған Әз Наурыз тұғыры биік, еңселі тәуелсіз елдің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

Ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыстың Ұлы күні - өзімен бірге көктемнің сәулелі шуағын ала келетін, адалдық пен тазалықтың, мейірім мен жылылықтың, достық пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақтарыла тілек айтып, ағайын-бауырлар төс қағыстырып, айналаға мейірім шуағын төгеді, көмек қолын созып, көпшілдік қасиетін паш етеді.

Егемен мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы да барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Наурыз – халықтың жігерін тасытатын, қайратын арттыратын, ұлттық сана-сезімін оятатын құбылыс.

         Әз наурыз ұлағатын халқымыз қалтқысыз қабылдап, жақсылықтың нышанына балаған. Бүгінде халықтың асыға күтетін айрықша мерекесіне айналған Ұлы күнді қапшағайлықтар да көтеріңкі көңілмен, аса құрметпен қарсы алуда.

         Қадірлі жерлестер!

Көнеден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.Қастерлі мерекеде барша Қапшағай жұртына амандық, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақ-береке тілеймін. Наурыз құтты болсын, ағайын!

 

Ізги ниетпен,

Қапшағай қаласының әкімі Н.Құматаев