Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні

 Халықаралық әйелдер күні – көктемнің және  жақсы көңіл-күйдің мерекесі.

            Бұл күні адамзаттың әдемі өкілдерін  сыйлықтар мен жылы тілектермен қуантқын келеді.            Аталған мерекеге орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында жұмыспен қамту бөлімі мен  «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігіүй жағдайында құттықтаулар ұйымдастырып, мүгедек әйелдерге және жалғызбасты  қарттарға, сондай-ақ қоғамның ерекше назарын қажет ететін 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға азық-түлік салынған сыйлық қоржындары мен гүл шоқтарын табыстады.            «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесі «МС-2011» ЖШС-ң  директоры Мұрат Амантайұлы Сиргебаевқа,  «Lucky bingo» «Золотое руно» ЖШС-ң  басшысы Елена Александровна Аталиковаға тұрақты  демеушілік көмек көрсетуіне байланысты үлкен алғыс білдіреді.             Барлық жасаған жақсылықтарыңыз бен мейірімділіктеріңізге рахмет!Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыстілейміз.