
Қапшағай қаласының спорт мектебінде қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында Қапшағай қаласының депутаты Ибраев Алтынбектің ұйымдастырылуымен түйе палуандар арасында "Қапшағай тарландары" атты қазақ күресінен турнир өтті. Турнирге 32 спортшы қатысып, тартысты дода да 1 орынға ие болған Қошқұлов Әлімтайға 200 000 теңге, 2 орынға табан тіреген Рамазанов Бексұлтанға 150 000 теңге, 3 орын алған Нияз Ерсайынға 100 000 тг. табысталды.
Сонымен қатар қой көтеру сайысында қала тұрғыны 90 кг салмақтағы қойды 46 рет көтеріп, марқалы болса, ал жастар арасында арқан тарту жарысында Орта мектеп гимназия оқушылары көзге түсіп, осы сайыста ересектер арасында қалалық өрт сөндірушілер бөлімі 1 орын алып, 50 000 теңге ие болды. Сол секілді гір көтеруден қала тұрғыны 32 кг салмақтағы гірді 53 рет көтеріп 50 000 теңгені ұтып алды.