Қапшағай қаласының мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті

Қапшағай қаласының мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті

 Қапшағай қаласының орталық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай салтанатты шара өтті.

Мерекелік шара басы қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаевтың дәстүрлі құттықтауымен бастау алып, қаланың қоғамдық өміріне белсене ат салысып, орасан зор үлес қосқан әйел қауымына жылы лебіздер айтылып, Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар табыс етілді.
Мереке қазақ эстрадасының жұлдыздары, Ж.Жабаев атындағы Мемлекеттік филармония әртістері, халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаттары, Терісқақпақ театрының әртістері, Италияда өткен би байқауының кавказ би мектебінің «Адат» жүлдегерлері мен қалалық мәдениет үйі мен балалар шығармашылығы орталығының әртістерінің концеттік бағдарламасымен жалғасты. Орындалған әндер мен тамылжыған би, жылы лебіздер жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.