
Әйелдер мейрамы қарсаңында ғасыр жасаған апамыз, Отан соғысының ардагері Бетебаева Оксана Демидовна мен өңіріміздің ең қарт анасы, 103 жасқа келген Мұқсина Қалдыбаева Ахметсафа әжелерімізді қала әкімінің атынан өңір басшысының орынбасары Берік Фатықұлы, қалалық мәслихат хатшысы Сәуле Қайырлықызы, мәслихат депутаты Сергей Горяной, құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Ақ жаулықты қарт апаларымыз заманның тыныштығы мен жас ұрпақ келешегінің жарқын болуын тілеп, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.