
Қапшағай қаласының Мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Айтулы кеште көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен отбасыларының әйел азаматтарына құрмет көрсетілді. Мәдени шарада қала әкімінің орынбасары Берік Фатықұлы аяулы әйелдер қауымын мерекемен құтықтап, ақ жарма тілегін арнады. Іс- шара «Балалар шығармашылық орталығының» өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, қадірлі аруларға тартымды сазды кеш арналды.