Үш көпбалалы ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

Үш көпбалалы ана «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Ертай Серікболұлы Сахадинова Гүлнұр Орысбекқызына, Сыдықова Гүлфия Серікқызына және Рысқаловаға Перизат «Күміс алқа» алқасын табыс етті.

Көп балалы аналарды марапат алуларымен құттықтай отырып, оларға алқа иегері мәртебесін алу үшін түскен өтініштерді қарау шарттары мен ережелері түсіндірілді: қабылданған өтініш алдымен облысқа, содан кейін Президент аппаратына қарауға жіберіледі. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда «Күміс алқа» алқасына 6 өтініш қаралуда.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес көп балалы аналарға арналған наградалар алқалар: «Алтын алқа» және «Күміс алқа» болып табылады.

Аталған заңның 28-бабы бойынша "Алтын алқа" алқасы жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, өсірген аналарға беріледі. Ал, «Күміс алқа» алқасы алты баланы дүниеге әкелген және тәрбиелеген аналарға, алтыншы баласы бір жасқа толғанда және басқа балалары тірі болған жағдайда беріледі. «Алтын алқа» алқасы жетінші баласы бір жасқа толғанда және осы ананың қалған балалары тірі болғанда беріледі. Тағы қоса кетерлігі, балалардың біреуі әскери немесе азаматтық борышын өтеу кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен жағдайларда бұл көп балалы ана атағы алынып тасталынбайды.

Ананы наградтағанда сондай-ақ мына балалар да ескерiледi:

- ананың заңды түрде асырап алғандары;

- Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге де қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқандар немесе хабар-ошарсыз кеткендер, дүлей апат кезiнде немесе адам өмiрi мен материалдық игiлiктердi сақтап қалу жөнiндегi, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi азаматтық борышын өтеу кезiнде қаза тапқандар, сондай-ақ жоғарыда аталған жағдайларда алынған жарақаттың, зақымның немесе аурудың салдарынан, не еңбекте зақым алудың немесе кәсiптiк аурудың салдарынан қайтыс болғандар.