
Жеке кездесуде тұрғын үй мәселесі қаралып, соның ішінде жеңілдетілген несиемен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылу жағы сұралды. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша сұрақтар көтерілді, яғни 1 шағын ауданындағы 17 үйдің шатырына жөндеу жұмысын жүргізу мәселесі қозғалды. «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасымен
көп қабатты үйлердің күрделі жөндеуден өтуі, қосымша пәтер төбелерін де реттеу қарастырылған. Одан басқа, #1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары жаңа білім шаңырағының салынуын өтінуде. Қазіргі білім беру ғимаратының жобалық қуаты 600 орынға лайықталған. Ал, жылдағы бала саны 50-80-ге дейін көбеюінен бұл ғимарат тарлық етуде.
Онымен қоса тұрғындар қалалық ауруханасы мамандарының штаттық бірлігі турасындағы мәселе қозғады. Мұнда емдеу орнының басшылығының қолдауымен барлық мүмкіндіктер жасалып келеді, соны ішінде мамандарға әлеуметтік көмек берілуде. Жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, болашақта проблемалардың шешу жолдары қарастырылады.