2021 жылдың басынан Қапшағай қаласында 17 ММИБ және 111 ЖС құрылған

2021 жылдың басынан Қапшағай қаласында 17 ММИБ және 111 ЖС құрылған

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі таңда қалада 17 ММИБ (мүліктің меншік иелері бірлестігі) және 111 ЖС (жай серіктестік) тіркелген, бұл жалпы көпқабатты үйлер санының 42% құрайды. Тұрғындардың үйді басқарудың жаңа түрлеріне көшуіне не кедергі және құжат рәсімдеу барысында қандай қиындықтар туындайды? Бүгін осы мәселелерді аймақ басшысы Нұрлан Құматаевпен ПИК және тіркелген жай серіктестіктердің өкілдері талқылады. Кездесуге сондай-ақ банк филиалдарының, бірыңғай есептеу орталығы және «Тұрғын үй» ЖШС өкілдері қатысты.

ПИК өкілдерінің айтуынша, тұрғындар жинақ банкі шотын ашуда қиындықтарға тап болады, ал ағымдағы шот ашу ешқандай сұрақ туғызбайды. Сонымен қатар, қалада әлі күнге дейін кондоминиум нысаны болып табылмайтын көпқабатты үйлер бар және бұл бірінші бөлігі, былайша айтқанда, бастапқы сатысы. Қала әкімшілігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары көпқабатты тұрғын үйлердің кондиминум объектісі ретінде тіркеуге көмектесу бойынша шаралар қабылдауда: жер жобасын қаржыландыру және мемлекеттік акт жасау, техникалық төлқұжаттарды тіркеуге дейін.

Жиын қорытындысы бойынша ТҮКШЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы Ш.Қожабергеноваға кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарын құру бойынша жұмысты күшейтіп, көмек көрсету тапсырылды. Атқарылған жұмыстар туралы апта сайын қала басшысына жеке есеп беруі турасында тапсырма берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК жұмысын тоқтатады. Бірте-бірте олардың орнын көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа нысандары – жай серіктестіктер (ПТ) және жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестіктері (ОСИ) алмастырады.