
Есепті кездесуде округ басшысы тұрғындарды өткен жылда атқарылған жұмыс пен биылғы жылы жүзеге асырылар жұмыс жоспарымен таныстырып, баяндамасын жасады. Онда Арна ауылының көше жарықтары мен бағаналарын орнату жұмысы жүзеге асқан. Сонымен қоса, ауыл көшелері жөндеуден өтіп, балалар ойын алаңы салынып тұрғындар игілігіне берілген. Заречный ауылының 16 көшесіне, және Арна ауылының 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Қапшағай қаласы әкімдігінің бастамасымен ТОО «Тұрғын үй» ЖШС-імен, Арна ауылының №11 орта мектебі айналасына 102 дана, Заречный ауылының кіре беріс жолдарының бойына 878 дана, №12 орта мектебінің айналасына 152 дана терек ағаштары отырғызылды. Барлығы 1132 дана ағаш егілді.
Одан басқа, жұмыспен қамту ісі бойынша келіп түскен 20 өтініш қанағаттандырылған. Жастар практикасымен де іс жүйелі жүргізіліп келеді, соған сәйкес 4 жас іс-тәжірибиеге жіберілген. 2021 жылы 204 әлеуметтік сала қызметкері бір реттік коммуналдық көмек алған. Кәсіп ашу үшін 7 азамат «Бастау» бағдарламасымен өтінім беріп, оның 2-уі оқу курсынан өткен. Округ жастарынан 4-азамат өтінім беріп, 1 азамат қайтарымсыз 500-мың теңгелік мемлекеттік грант иеленді. «Еңбек» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамыту мақсатында Заречный ауылының тұрғыны Әдембек Бейсенбек 3 200 000 тенге көлемінде шағын несие алды. Сонымен бірге, атаулы мерекелерге орай және жалпы округтегі көмекке зәру азаматтар, ардагерлерге азық-түлік, көмір отыны секілді көмектер көрсетілген. Сол секілді салық түсімі де жаман емес. Жыл басынан, бүгінгі таңға дейін салықтың 5 түрі бойынша, 18 019,3 мың теңге салық өндірілді, 2021-жылға белгіленген салық 15 600 теңге болса, бүгінгі таңға салық сомасы 115,5 пайызға артығымен орындалып отыр.
Заречный ауылына орталықтандырылған жылу жүйесі жүргізілген. Соңғы екі жылда қосылушылар саны 451-ден 866-ға өскен. Бүгінгі күні жылу жүйесімен ауыл 82%ға қамтылды. 2021жылы Заречный ауылдық округінің 30 көшелерінің орташа тас жол жөндеу жұмыстарына, техникалық құжаттарды әзірлеуге 8 млн.тенге бөлінді. Көктемгі санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру, ағаш егу жұмысы жүйелі түрде атқарылуда. Онымен бірге қатты тұрмыстық қалдықтар шығаратын қоқыс алаңдары орнатылған.
Ауылшаруашылық саласында да жұмыс тиісінше жүргізілуде. Бүгінде ірі қара мал саны - 609 бас, ұсақ мал саны -2927 бас, жылқылар – 49 бас, шошқалар-135 бас, үй құстарының саны -5230.
Заречный ауылдық округінде малшаруашылығымен айналысатын барлығы 14 шаруақожалық, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын 1 кәсіпорын, 2 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, құс еті өнімін өндірумен айналысатын 1 жеке кәсіпкер, 2 бордақылау алаңы жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық салаларында да жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. «Заречный ауылындағы №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі:
2020-2021 оқу жылында мектепті 858 оқушымен аяқтап, 11 сыныптың 14 оқушысы толық ҰБТ-ге жіберілді, нәтижесінде 14 түлектің барлығы 100-пайыз грантқа ие болды. Жалпы Заречный ауылдық округінің мектеп жасына дейінгі балаларын, мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен, Заречный және Арна ауылдарындағы «Еркетай» балабақшалары, №12 орта мектеп қабырғасындағы «Айгөлек» шағын орталығы, сонымен қатар саяжайдағы «Інжу» балабақшасы қамтыйды. Жалпы мектеп жасына дейінгі балалар, 80-пайызға балабақшамен қамтылған.
Заречный ауылдық амбулаториясында 8 медицина қызметкері жұмыс атқарады. Арна ауылының медициналық пунктінде 1 фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Заречный ауылында 1-дәріхана жұмыс істеп тұр. Емдеу орнында санитарлық тазалық режимі қатаң сақталады. Енді мәдениет пен спорт саласына келер болсақ, мұнда округте 800-ден астам жас бар. Былтыр 150-ге жуық жастың қатысуымен 17 іс-шара ұйымдастырылған. Даталы күндерге арнап мерекелік концерттер, бүлдіршіндер арасында «Әнші балапан» сынды байқаулар, жасөспірімдермен түрлі турнирлер өткізілген. Округіміздің жас палуандары барлығы республикалық, облыстық, аудандық 20 жарысқа қатысып - 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальға ие болды. Осы іспетті жұмыстар есепті кездесуде толықтай баяндалып, алдағы уақытта көзделген жоспарлар жайы да айтылды. Жиын соңында екі ауыл тұрғындарынан келіп түскен ит аулау, көше жолдарын жөндеу, апатты тұрған ағаштарды кесу, қоқыс орындары мен жәшіктерін орнату, айналаны тазарту секілді мәселелер қозғалып, оған тұщымды жауаптар берілді. Болашақта аталған проблемалардың шешілуі келешек еншісінде.