Дана халықтың дара перзенті, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа биыл – 110 жыл

Дана халықтың дара перзенті, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа биыл – 110 жыл

    Қазақтың кемеңгер ұлт  тұлғасының құрметіне орай «Ұлтын сүйген ұлы кемеңгер» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті. Тағлымы мол кешке қалалық кітапхана, Қапшағай, Шеңгелді, Арна мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен  мектеп оқушылары қатысты.  Қашанда жұдырықтай жүрегі қазақ деп соққан Алаш азаматына арналған жыр-шумақтар оқып, бұл танымдық шарадан жастар жағы ой түйіп, тәлім алғаны анық. Мәдени кештің де мақсаты - кейінгі ұрпақтың тарих пен шежірені танып, ондағы дара тау тұлғаларды біліп, олардың шығармаларын жаттап өсуі аса қажет.
   Бүгінгі іс-шара да Димаш аталары туралы өлеңдерді Д.Қонаев ат. №1 қазақ орта мектептің оқушылары Сұңғат Мұрат (8 «А»), Әділет Бейсенбай (5 «А»),  Қапшағай орта мектеп гимназияның 10 «Б» сынып оқушысы Аманхан Әбілбашар мен Шеңгелді ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Баян Қалыбек нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, қатысушыларының мерейін үстем етті. Онымен қатар, мәдени кеш кезінде Ұлт мақтанышының еңбектері мен белгілі қаламерлердің Д.А.Қонаевқа арнаған шығармалары қойылған «Мақтан тұтар тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, дүйім қазақ жұртының перзентінің өмірі мен қызметіне қатысты бейне материалдар көрсетілді.
   Әдеби, әрі мәдени стилінде өткен кеште Шеңгелді мәдениет үйінің әдіскері Толқын Итемгенова мен әнші Қайрат Жұмабекұлы Жакуповтың орындауындағы ақын Алтыншаш Жақиянованың сөзіне жазылған «Қапшағай» (муз. Ә.Жақиянов) әні мен Қапшағай мәдениет үйінің әншісі Айнұр Бекбосынованың  орындауындағы «Димаш аға» әні ерекше орындалып, тыңдаушыларды әсерлі күйге бөледі.

Даража Нұрланқызы Жолымбетова,
Қапшағай қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі