
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, Заречный ауылдық округі бойынша мониторингтік топ сауда нүктелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Арна және Заречный елді-мекендеріндегі 19 азық-түлік дүкендері, көкөніс дүңгіршіктері баға тұрақтылығына тексерілді.Жалпы әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауарға 15 пайыздан артық сауда үстемесін қосуға тиым салынады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін округтің сауда нүктелерінде рейдтер тұрақты түрде жүргізілетін болады.