
2021 жылдың 10 желтоқсанында Қапшағай қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған аналардың арасында «Ару –Ана» атты мерекелік байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ерекше қамқорлық пен мейірімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға құрмет пен қолдау көрсету.
«Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамы бірлестігінің төрайымы Лязат Иманғалиқызы Салықова мен «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының ұйымдастыруымен 5 кезең бойынша «Сәлем-сөздің анасы», «Королева красоты», «Сауат салтанаты» , «Өнерлі отбасы» «Императрица кухни» өткізілді. Әділқазылар шешімі бойынша Жансая Утениязовна Есетова, 1-орын, Сауле Кеберовна Мусабаева 2-орын , Жамиля Маликовна Ликий 3-орын жүлдегерлері атанды және қала әкімінің құттықтау қағазымен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар басқа қатысушылар да әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды.
Аталған іс-шараның өтуіне атсалысқан Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, Қапшағай қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубының ұжымы және демеушілік көмек көрсеткен қалалық мәслихат депутаты Еркінбеков Алтынбекке, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрайымы Қамбарова Алмагулге, қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Исханова Гулжанға зор алғыс білдіре отырып, дендеріне саулық еңбектеріне табыс тілейміз.