
Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығы және Қапшағай қаласының көпсалалық колледжінің белсенді активистері қаламыздың әсем жерлерін сақтау мақсатында "Вандализмге жол жоқ" атты челлендж акциясы өткізілді. Қаламыздың бұзылған жерлері қалпына келтірілді және “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне тазалық жұмыстары жүргізілді.