
Кербұлақ ауылының орталық шеңбер көшесінен Шеңгелді – Сарыбұлақ автожолына дейінгі тас жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша 23 млн. 788 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын мердігер «Жетісу Жол Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде.