
Қапшағай қаласы әкімдігінің бекітілген тұрғындарды қабылдау кестесіне сәйкес, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Б.Дүйсенбаев және округ әкімі Қ.Умаров Арна ауылының тұрғындары және жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар, бірлесе Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, «Ақбұлақ» мекемелерінің басшылары және Қапшағай өңірінің газ жүйесінің өкілі қатысты.Сөз басында, Дүйсенбаев жиналған қауыммен елді-мекендерде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың мәселелерін тыңдауға, ары қарай шешу жолдарын қарастыруға келгенін жеткізді.
Жалпы ауыл тұрғындарының көтерген сұрақтардың ішінде, жол мәселесі, жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерге газ, су, жарық жүйесін қосуы, қаңғыбас иттердің жиілеп кеткендігі жөніндегі мәлеселерді айта кетті. Сондай-ақ, үлкен мәселенің бірі-Арна ауылына 5 км кіре беріс автокөлік жолының ой-шұңқырға айланғанын, салдарынан тұрғындарға қолайсыз жағдай тудырғанын да жеткізді. Аталған тұрғындардың көкейтесті мәселелерін орындалуын Қ.Умаровқа мекеме басшыларына тапсырып, қала әкімдігінің бақылауында екенін және алдағы уақытта тиісті заңдылықтарға сәйкес шешілетінін айтты.