«Тіл – достықтың кепілі» атты қалалық тіл фестивалі

«Тіл – достықтың кепілі» атты қалалық тіл фестивалі

 Өткізілген  күні: 2021 жылғы 8  қыркүйек

Өткізілген уақыты:  сағат 11:00

Өткізілген жері: қалалық мәдениет үйі

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді дамыту мен қолдану, мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қаланың тілдік ахуалын саралау, ұлттық достастығы мен бірлігін таныту, үш тілді меңгерген өнерлі жастарды қолдау.

 

Мерекелік іс-шараға Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары: Дүйсенбаев Берік Фатыкұлы қатысып мерекемен барша қауымды құттықтап, бірқатар тіл жанашырларын  қала әкімінің құрмет грамотасымен алғыс хаттарымен марапаттады.

Сахна шымылдығы алғаш рет  «Тіл құрметтеу өзіңнен басталады» атты шағын көрінісімен ашылды.

Марапаттау рәсімінен кейін арнайы концерттық бағдарлама өтті. Қапшағай қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубы әншілері әсем әнмен кешті жандандырды, сондай-ақ балалар шығармашылқ орталығының «Радуга» би ансамблі  әсем бимен кештің сәнін келтірді.