2021 жылдың 20 сәуірінде жоспарға сәйкес, «Заречный» бастауыш партия ұйымының онлайн форматта есеп беру-сайлау жиналысы өткізілді.Күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары тұралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы Умаров Қайрат Жақсылықұлы баяндама жасады.Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша, партия мүшелерінің дауыс беруі арқылы бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Қ.Умаров, сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясына бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, алдағы жұмыста ескерулерге қажетті ұсыныстар айтылды.